loading
«Жерұйық» (жаңа) тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды

«Жерұйық» (жаңа) тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Атырау қаласының Нұрсая шағын ауданында «АВЕ&К» ЖШС-гі мен «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік Қорының» АҚ ынтымақтастығы Меморандумы аясында, «DCS» ЖШС-гі бас мердігер ретінде «Жерұйық» (жаңа) тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Тұрғын үй кешені 25 пәтерлі 5 қабатты 16 ілеспелі инфрақұрылымды үй болып табылады. Құрылыс барысында меншікті Үй құрылыс комбинатының шығаратын жаңа технологияға сай темір бетонды панельдерді пайдаланатын болады. Сондай-ақ құрылыс барысында пайдаланылатын бетон меншікті бетон торабының өнімі болып табылады. Компания ең бірінші тұрғызылатын нысанның сапасына көңіл бөледі. Жоғары сапалы материалды, құрылыстың жаңа технологиялық процессін қолдану және жоғары білікті, тәжірибелі мамандарды жұмысқа тарту қазіргі уақытта өз нәтижесін құрылысты мерзімінен бұрын орындау түрінде көрсетуде. Біздің компания жас мемлекетіміздің гүлденуі үшін дамуға және барлық мүдделі тұлғалармен қызмет етуге дайын.

Leave a Comment