loading
Құрылыстағы жаңа дәуір

Құрылыстағы жаңа дәуір

 

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Атырау-Астрахань трассасы бойында Черная речка ауданында өндіріс қуаты жылына 50 000 шаршы метр тұрғын үй және 35 000 текше метр темір бетон өнімдерін шығаратын Үй құрылыс Комбинаты іске қосылды. Мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы үндеуі бойынша тұрғын үй құрылысының даму механизімінің бірі болып аймақтарда үй құрылыс кәсіпорындарын салу болып табылады. «DCS» компаниясының директорлар кеңесі Ержан Даир мырзаның басшылығымен Батыс Европаның бірқатар елдерінде шығарылатын жабдықтармен танысты және де әлемдік лидер, үй құрылыс техникасын шығаратын, жарты ғасырдан аса тарихы бар американдық «Spancrete Machinery Corporation» компаниясының өнімін таңдады.

«DCS» компаниясының Үй құрылыс комбинатының көлемі 10 000 шаршы метр және де ол 3 цехтен тұрады. Бірінші цех қуыс жабын плиталарын шығару үшін арналған. Екінші цехта бағаналар мен бөренелер өндіретін 12 алдын ала қыздырылған және жай «үстелдер» бар. Үшінші цех жартылай ұзындығы 6 метрден 16 метрге дейін тіреуіштер өндіру үшін арналған. Цехтың екінші жартысы өнімді арматуралау үшін арналған және де «KR8» арматуралау үшін арнайы техника мен жабдықтар шығару саласындағы әлемдік лидер болып табылатын, американдық компанияның жабдықтарымен жабдықталған.

Каркастағы барлық темір бетон өнімдері арматурадан тұрады. Цехта бүкіл комбинат үшін арматуралау жасалады.

«Direct Construction Service» компаниясы қарқынды дамып келе жатқан жеке кәсіпорын болып табылады, оның ішінде “ABE&K” ЖШС және “Caspian Business Support” ЖШС еншілес ұйымдар, «DCS» компаниясы тобының құрамдас бөлігі.

Leave a Comment